Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды.
Алматы-Бішкек тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: zakon.kz
1,158
оқылды

13 қарашада таңғы сағат 04:00 шамасында Алматы-Бішкек тасжолының 19-шақырымындағы Центральная көшесінің маңындағы бау-бақша аумағында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Nissan Maxima көлігі Алматы-Бішкек тасжолына қарай оңтүстікке жүріп бара жатқан. Жүргізуші оған қарсы келе жатқан көлікті  көрмей қалғанын айтқан.

Оның айтуынша, жаңбырдың салдарынан жол көрінбей, жаяу жүргіншілерді дер кезінде байқамай, екі ер адамды қағып кеткен, олардың бірі мүгедек болып шықты.

Оқиға салдарынан екі ер адам қаза тапты. Мүгедек арбасындағы адам жарақат алып, дереу Қаскелең ауруханасына жеткізілген. Оның жағдайы ауыр. Екінші ер адам оқиға орнында қайтыс болды, оның денесі бірнеше ондаған метрге ұшып кеткен.

Алматы облысының тергеушілері бұл оқиғаға қатысты тергеуді бастады, тиісті сараптамалар тағайындалған.