Бұрын бұл ғимарат жеке серіктестіктің меншігінде болған еді.
"Фосфоршылар" мәдениет үйі Жастар сарайына айналады
850
оқылды

Шымкенттегі «Фосфоршылар» мәдениет үйі Жастар сарайына айналмақ. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Шымкент қаласында бірнеше жылдан бері бос тұрған «Фосфоршылар» мәдениет үйі мемлекет меншігіне өтеді.

Жылдар бойы қаңырап тұрған ғимарат енді жастардың бас қосып, мәдени іс-шара өткізетін орталығына айналады.

«13 қараша күні Фосфоршылар мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша келісімге қол жеткізілді. Ары қарай ғимаратты көпфункционалды Жастар сарайы ретінде қайта қалпына келтіру және аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Фосфоршылар сарайы қаланың ең көрікті жерлерінің біріне айналатынына және халық игілігіне қызмет ететініне сенімдімін», - деп жазды Ғабит Сыздықбеков.