Клип бір кадрда – монтажсыз түсірілген, ал басты кейіпкер – тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан аман қалған Тамиристің өзі.
«Демім жетпейді, жібер»: Танымал актриса зардап шеккенін айтты
1,576
оқылды

Танымал актриса Тамирис Жанғазинова зорлық-зомбылық құрбаны болғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бір күн бұрын өнер иесінің Shanyraq клипі жарық көрді. Видео сипаттамасында «кейіпкердің өз басынан өткен оқиға» делінген.

"Клип бір кадрда – монтажсыз түсірілген, ал басты кейіпкер – тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан аман қалған Тамиристің өзі. Бұл шығармада орындаушы өз өмірінің жаңа тарауын ашып, өзінің жеке басынан өткен ауыр жағдайды – эмоционалдық, физикалық зорлық-зомбылық пен бопсалауға, қиянатқа негізделген қарым-қатынас жайында баяндайды. Негізгі айтар ойы – егер сіз физикалық немесе эмоционал түрде қиянаттың кез келген түріне ұшырасаңыз, қарым-қатынасты одан әрі сақтауға тырыспаңыз. Егер сіз зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз, онда бұған шыдамай, полицияны көмекке шақырыңыз – 102", – делінген YouTube сипаттамасында. 

Айта кетейік, Tamiris – қазақстандық актриса және әнші.