Астана тұрғыны Қытайдан тауар алдырамын деп алаяққа 31 млн теңге берген, – деп хабарлайды Aikyn.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Астаналық келіншек Қытайдан тауар алдырамын деп 31 миллион теңгесінен айырылды
hqts.ru
2,005
оқылды

Екібастұзда тұратын қыз астаналықтарға Қытайдан тауарларды арзан бағамен алып беруге уәде еткен. Бірнеше ай бойы ол тауарды үнемі жеткізіп отырған. Осы мақсатта WhatsApp мессенджерінде ол әртүрлі тауарларды жарнамалайтын, кәсіпкерлерге көтерме бағамен тауар ұсынатын көптеген топ  құра бастаған. Онда ыдыс-аяқтан бастап iPhone телефондарына дейін жеткіземін деп уәде берген. Алайда тауарды сатып алу үшін тағы бір соманы алғаннан кейін, әйел жасырынып, сатып алушылармен байланысқа шықпай кеткен.

Сарыарқа ауданының Полиция басқармасына елорда тұрғыны жүгініп, Қытайдан тауарға тапсырыс бергенін айтқан. Күдікті алдын ала төлемді талап еткен. Ештеңеден күдіктенбеген келіншек бірден алаяққа 31 млн теңге аударып жіберген. Бір айдан кейін тауарын ала алмаған жәбірленуші полицияға жүгінді.

Қазір полицияға осы алаяққа алданған тағы үш кәсіпкер шағымданып келген. Осыған ұқсас схема бойынша 50-ге жуық азамат алданған, бірақ одан да көп зардап шеккендер болуы мүмкін.

Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу барысында Екібастұздың 20 жастағы тұрғыны өз кінәсін мойындап, басқалардың ақшасын өз қажеттілігіне жұмсағанын айтты.

Алаяқтық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы  4-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    "Аталған адамның құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Астана қаласы ПД Сарыарқа ауданының Полиция басқармасына, Әуезов көшесі, 40 мекенжайы бойынша жүгінулеріңізді немесе 8 (7172) 71-66-76, 71-66-46, +7 700 543 0101 немесе "102" телефондары бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз",  деді полицейлер.