Қарағанды облысы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға арналған грант табыстау конкурсына өтінімдер қабылданып жатыр.
Қарағандыда жас кәсіпкерлерге 2 миллион теңге грант беріледі
Фото: alakol-aynasy.kz
1,135
оқылды

Көлемі 2 миллион теңгені құрайтын грант облыс жастарының бастапқы бизнес-жобасын іске асыруға немесе қызмет етіп тұрған бизнес-жобасын дамытуға беріледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Байқауға соңғы 6 айда Қарағанды облысының аумағында тұрақты тұратын, 18 жастан 34 жасқа дейінгі жеке тұлғалар, жеке кəсіпкерлер қатыса алады. Байқау жеңімпаздары арнайы құралған комиссияның шешімі бойынша конкурстық негізде анықталады.

 

Грант иегерлері қаражатты қажетті құрал-жабдықтар, еңбек құралдары, технологиялық жабдық, жануарлар, мал, құстар, көшеттер, бұталар, тұқымдар, көшетті сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілері, сондай-ақ сауда объектілері, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы объектілердің аумағында бизнес-жобаны іске асыру үшін үй-жайларды жалға алу үшін нысаналы мақсаты бойынша пайдалана алады.

Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2023 жылғы 20 қараша сағат 18.30-ға дейін қабылданады. Құжаттар Қарағанды қаласы Әлиханов көшесі 4, 135-кеңсе мекенжайы бойынша қабылданады.

Барлық қажетті ақпаратты t.me/qoldau09  Телеgram арнасынан оқи аласыз.