«Қазгидромет» синоптиктері 17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Елдің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ күтіледі.
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен ашық, жауын-шашынсыз күн райы сақталады.
Республиканың барлық аумағында тұман, екпінді жел болжанады.