Криштиану Роналду тағы бір рекорд орнатты.
Криштиану Роналду футбол тарихында жаңа рекорд орнатты
©instagram.com/cristiano/
4,130
оқылды

Португалия құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Криштиану Роналду кезекті рекордына қол жеткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сhampionat.com-ның мәліметінше, Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің топтық бәсекесінде Криштиану Роналду Лихтенштейнмен өткен матчта гол соқты. Сөйтіп, Роналду футбол тарихында 38 жасында өз құрамасы үшін 10 гол соққан алғашқы ойыншы болды.

Мерзімінен бұрын 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алған Португалия бұл ойында 2:0 есебімен жеңіске жетіп, 27 ұпаймен өз тобында көш бастап келеді.