Саяси бюро кеңесінің шешімімен әйелдер қанатының кеңесшісі болып облыстық мәслихат депутаты Айнагүл Балашева тағайындалды. Аймақтағы қыз-келіншектердің басын біріктірген жобаның ашылуында облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Берген Беспалинов нәзік жандылардың қоғамдағы рөлін, олардың әрбір саланы дамыту мен нығайтуға қосқан үлесін айрықша атап өтті. Артынан Мәжіліс депутаты Наталья Деменьтева әйелдер қанатына жүктелген мақсат-міндеттерін атап, олардың отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесіп, отбасы құндылығын дәріптейтінін жеткізді.
Кәсіпкер әйелдерге қолдау білдіріп, нәзік жандылардың ғылыммен айналысуына жағдай жасайды. Мәселен, соңғы 15 жылда дүниежүзі бойынша нәзік жандыларды ғылымға көбірек тарту мақсатында көптеген іс атқарылып жатыр.
«Ресми мәліметтерге сүйенсек, әлем бойынша ғалым әйелдердің үлесі басымырақ екен. Себебі елімізді ол үшін барлық жағдай жасалған», – дейді Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің проректоры Айгүл Жақыпова.
Жалпы, бүгінде өңірде облыстық мәслихаттың депутаттары қатарында – 5, аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттары қатарында 76 нәзік жандылар бар. Бір әйел Жақсы ауданының әкімі, ал 40 ауылдық және кенттік округтердің әкімі болып жұмыс істеп жатыр. Аймақтағы саясат, білім, денсаулық, мәдениет, кәсіпкерлік, үкіметтік емес ұйымдар және т.б салаларда табысты қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер өте көп. Партия тарапынан оларды қолдай отырып, еліміздің нығаюына атсалысуының бірден-бір дәлелі.