Мамандардың айтуынша, бұл сан сауалнамаға негізделмеген жалғыз мемлекеттік мәліметтер базасынан алынды.
Қазақстанда 2,2 миллион кедей бар – сарапшылар
1,219
оқылды

Desht сарапшылары Отбасының цифрлы картасындағы ресми статистиканы зерделеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ондағы деректерге қарағанда, қазақстандықтардың 89%-ы тоқшылықта өмір сүретін көрінеді.

Мамандардың айтуынша, бұл – сауалнамаға негізделмеген жалғыз мемлекеттік мәліметтер базасы. Мұнда жеке тұлғалар емес, үй шаруашылығы бақыланып, ресми кіріс пен несие, мүлік пен жер, автокөлік және қосалқы шаруашылықтар туралы деректерді тіркейді.

"Барлық қазақстандықтар отбасының жай-күйіне қарай 5 топқа бөледі. Отбасының цифрлы картасына сәйкес соңғы үш топқа – "қанағаттанарлықсыз", "дағдарыс деңгейіндегі" және "төтенше" топтарына 2,2 миллион азамат енгізілген. Бұл 20 миллион адамның 11%-ы деген сөз. Өзгелері "қанағаттанарлық" және" ауқатты" топтарына жатады", – деді сарапшылар. 

Сарапшылардың айтуынша, қанағаттанарлық деңгейде өмір сүретін отбасылар келесі талаптарға сай:

2 ересек, 1-2 бала;

Жалпы кірісі 500-650 мың теңге;

Пәтер аумағы 50-75 шаршы метр, бір көлік;

Үлкен қалада немесе облыстық маңызы бар қалада тұрады;

Несиесі мен кәсібі жоқ;

Екі ата-ана да (ересектер) жұмыс істейді немесе біреуі декретте.

Мемлекеттік органдардың әдістемесіне сәйкес бұл талаптарға қазақстандықтардың 89%-ы сәйкес келеді. Сондай-ақ "көлеңкелі" табыс пен мүлік есепке алынбаған.