Солтүстік Қазақстан облысында бір тәулікте 22,6 миллиметр қар жауды. Бұл ретте орташа көпжылдық мәні 25,9 миллиметрді құрайды.
Солтүстікті қалың қар басып қалды
2,428
оқылды

«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, 18 қараша күні Петропавлдағы метеостанция 24 миллиметр жауын-шашынды тіркеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ал қараша айының басынан бастап 32,8 миллиметр жауған, мұндағы орташа көпжылдық мән – 30 миллиметр.

Бүгін Есіл ауданының Явленка ауылында 19,4 миллиметр, ал Ясновка ауылында – 45,4 миллиметр жауын-шашын түскен. Шал ақын ауданындағы Сергеевкада – 31,7 миллиметр жауған, мұнда орташа көпжылдық мән 26 миллиметр болып тіркелген.

Бүгін қардың ең аз мөлшері Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында жауған – 5,6 миллиметр, Ғ.Мүсірепов ауданының Андреевка ауылында және Ақжар ауданының Қызылтүс ауылында – 5,8 миллиметр тіркелген.

Облыста ертең 19 қарашаға дауыл туралы ескерту жарияланған. Онда қарлы боран, күндіз солтүстік-батыстан жел, түнде солтүстік желі 15-20 м/с болады деп күтілуде.