WhatsApp желісінің ресми сайтында жазылғандай, егер пайдаланушы алдағы айларда чаттардың резерв көшірмесін Android құрылғысында жасайтын болса, көшірме Google-дың лимитіне есептеледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Егер жад шегінен асып кетсеңіз, резерв көшірме жасауды жалғастыру үшін Google-дың есеп жазбасынан орын босатуыңыз керек", – деп түсіндірді желі әкімшілігі.
Бета нұсқасын пайдаланушылар үшін өзгерістер 2023 жылдың желтоқсан айында күшіне енетіні және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Android платформасындағы WhatsApp пайдаланушыларына біртіндеп енетіні атап өтілді.