Анкарада заңғар жазушы Мұх­тар Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы сахна­ланды.
Анкарада «Айман – Шолпан» сахналанды
637
оқылды

Түркістан облысының 5 жылдығы мен Құрманбек Жандарбеков атын­дағы Жетісай драма театрының 55 жылдығына орайластырылған іс-шара Түркия астанасының тарихи мұра­жайын­да өтті. Ерекше форматтағы ко­медияның премьерасы осыдан үш ай бұрын Жетісай драма театрында өткен. Көрсетілім еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі, Халық­аралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен ел­ші­ліктің қолдауымен ұйымдастырылды.

Айта кетерлігі, «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы қазақ тілінде қойылды.