Әйелдердің мәртебесін көтеріп, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанынан әйелдер қанаты өз жұмысын бастады.
Отбасы құндылықтарын дәріптейді
615
оқылды

Аймақтық Саяси бюро кеңесінің шешімімен облыстық мәcлихат депутаты Айнагүл Балашева әйелдер қанатының кеңесшісі болып тағайындалды.

Ақмолалық белсенді әйелдердің басын бірік­тірген жобаның ашылуында облыстық партия фи­лиалының атқарушы хатшысы Берген Бес­па­линов әйелдер қауымының қоғамдағы рөлін, олар­дың әрбір саланы дамыту мен нығайтуға қос­қан үлесін айрықша атап өтті.

Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» пар­тия­сы фракциясының мүшесі Наталья Де­мен­тье­ва әйелдер қанатының мақсат-міндетін жет­кіз­ді. Оның айтуынша, партия жанынан құрыл­ған әйелдер қанаты отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесіп, отбасы құндылықтарын дәріп-тейді. Кәсіпкер әйелдерге қолдау білдіріп, нәзік жандылардың ғылыммен айналысуына жағдай жасайды.

Жиында облыстық Іскер әйелдер қауым­дас­ты­ғының, Әйелдер күштері альянсының өкіл­де­рі мен шағын және орта бизнестегі қыз-келін­шек­тер де сөз алып, өз жұмысынан ұйымдас­ты­рыл­­ған көрмені назарға ұсынды.  

«Ана үйі» қоғамдық қорының Көкшетау қа­ла­сы бойынша   үйлестірушісі Құралай Жұма­бе­кова қиын жағдайда қалған әйелдерге пана бол­ған орталықтың жұмысын, оның атқарған жұ­мысын баяндады. Орталық психологиялық жә­не құқықтық көмек бере отырып, әйелдерді оқы­ту мен мамандық алуына жағдай жасап отыр.  

Соңғы 15 жылда дүниежүзі бойынша әйел­дер­ді ғылымға көбірек тарту бойынша көптеген іс атқарылуда. Осы орайда Ш.Уәлиханов атын­да­ғы Көкшетау университетінің проректоры Айгүл Жақыпова ғылымдағы әйелдердің үлесіне тоқталды.

«Ресми мәліметтерге сүйенсек, әлем бойын­ша ғалым әйелдердің үлес салмағы басымырақ. Қа­зақстанда соңғы уақытта ғалым әйелдердің қа­тары көбейіп келеді және елімізді ол үшін бар­лық жағдай жасалған», – деді ол. 

Жалпы, бүгінгі күні өңірде облыстық мәсли­хат­тың депутаттары қатарында – 5, аудандық, қа­­лалық мәслихаттардың депутаттары қата­рын­да 76 әйел бар. Аймақта әкім қызметін атқарып отырған әйелдердің қатары да аз емес. Жақсы ауданының және 42 кент пен ауылдық округтің тізгінін қыз-келіншектер ұстап отыр. 

Аймақтағы саясат, білім, денсаулық, мә­де­ниет, кәсіпкерлік, үкіметтік емес ұйымдар және т.б салаларда табысты қызмет етіп келе жатқан әйел­дер, көпбалалы аналар қауымымен өткен бас­қосу еркін пікір алмасуға ұласып, түрлі ұсы­ныс-тілек айтылды.