Әдеби, тарихи кітаптарға қызықпайды. Сондықтан болар жоғары сынып оқушыларының тіл байлығы нашар. Сөздік қоры өте аз. Өз пікірін емін-еркін толық, жан-жақты жеткізуге қиналады. Ойталқыда тосырқап қалады.
«Күш – білімде, білім – кітапта» дегендей, осындай мәселені шешу мақсатында Астана қалалық Білім басқармасының бастамасымен мектептерде «8 минуттық оқу» жобасы басталды.
Жоба мақсаты – балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, дүниетанымын кеңейту үнемі кітап оқуды дамыту, кітап оқу дағдысы қалыптастыру.
Фото: Астана қалалық Білім беру басқармасынан алынды
Жоба бойынша оқушылар әр ай сайын ұсынылған белгілі бір кітапты таңдайды. Бір айда оқып шығуы керек. Мәселен, 2023 жылдың қараша айында оқушылар ұлттық мүдде, Отан, туған жер, елінің тарихы туралы кітаптар оқуға міндетті.
Жыл бойы оқушылар үзбей кітап оқиды. Оқыған көркем шығармасын саралап, талдайды. Жоба өз мәресіне жеткенде әркім өзінің білім көкжиегі кеңейгенін бақылай алады. Осы екі апта ішінде алға жылжу бар. Оқушылардың кітап оқуға құштарлығы артты.
Білім басқармасының мақсаты – бастаманы соңына дейін жеткізу. Оқушылардың міндеті – жетістікке жету.
Жыл соңына дейін бұл жоба қарқынды жүзеге асса, міндетті түрде жемісті нәтиже қол жеткіземіз.
Риза ЕСІЛБАЕВА, Астана қаласы Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы