«AMANAT» партиялық бақылау комиссиялары өз жұмысын жалғастырып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы партия мүшелері Кішкенекөл ауылындағы тұрғын үйдегі жөндеу жұмысының барысын тексерді.
Тұрғын үй құрылысын бақылауға алды
448
оқылды

Мониторинг барысында «AMANAT» партиясының мүшелері қалпына келтіріліп жатқан үйдің терезе блоктары дұрыс орнатылмағанын анықтады. Үйлердің терезе жақтауларында жабылған кезде бос қуыс қалып қойған. Сонымен бірге әйнектерінің жарылып кеткенін анықтаған.

«Үйде барлығы 62 терезе бар. Олардың барлығы жарамсыз болып шықты: 32 терезені жөндеу қажет, қалған 28 терезенің жақтауын ауыстыру керек. Анықталған кемшіліктерді бақылауды күшейтеміз. Сәулет, құрылыс, ТКШ және басқа да бөлімдерге шұғыл түрде тиісті жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылды», – деді партиялық бақылау бекетінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты Сапар Саниев.

Қазір анықталған ақауларды жою үшін «Қошманов» ЖК-мен келісімшарт жасалды. Кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюға уәде берді. Нысанда терезе жақтаулары реттеліп, москит торлары орнатылып жатқанда үй маңындағы аумақты қоршау жұмысы жалғасады. Қазір нысан 97 пайызға дайын болып тұр.