Алматыда Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтіп жатыр.
Мәжілістің Қоғамдық палатасы «Масс-медиа туралы» заңды талқылады
1,095
оқылды

Жиын Қазақстанның медиа нарығын дамыту мәселелері бойынша жыл сайынғы XV «Media құрылтай – 2023» салалық конференциясы аясында ұйымдастырылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Күн тәртібіндегі мәселе – «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасын талқылау.

Талқылауға Мәжіліс депутаты Айдос Сарым, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, AMANAT партиясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова және БАҚ жетекшілері, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовтың айтуынша, қолданыстағы БАҚ туралы заң заман талабына сай мазмұны жағынан ескірген. Қоғамның сұранысына сай Мас-медиа туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек. Жаңа заңда БАҚ өкілдерінің құқығын қорғай отырып, ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалмақ.    

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңды талқылау үшін бұған дейін де 20 рет жиын өтті. AMANAT партиясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, қоғамда жиі талқыланған заң жобасында БАҚ өкілдерінің құқығын қорғауға бағытталған. 

«Бұл заң қоғамда қызу талқыланды. Жаңа заң жобасында журналистерге арнайы рұқсат беретін пресс-картасын беру мәселесіне өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ БАҚ-қа арналған гранттар, жекеменшік басылымдарды мемлекеттен қаржыландыру, қаламақы мәселесін, ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету жиі талқыланды. Масс-медиа туралы заң сапалы контент таратуға септігін тигізеді», – деді Жұлдыз Сүлейменова. 

Бұған дейін  Түркістан қаласында өткен медиафорум туралы жазған болатынбыз. Жиынға ақпарат саласының өкілдері, атап айтқанда, аудандық, қалалық газеттің бас редакторларынан бастап облыстық, аймақтық медиахолдинг директорлары қатысты. 

«Айқын-Литер» ЖШС, «Қазақ газеттері» ЖШС, «Заң» медиа корпорациясы» ЖШС, Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі, «Жас Алаш», «Жас Қазақ», «КТК», «31 арна», Qazaqstan ұлттық арнасы және өзге де БАҚ өкілдері атсалысты. Ең маңыздысы, «Масс-медиа туралы» заң және журналистика тағдыры» деген тақырып жан-жақты талқыланды.