Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі нәтижелері баяндалып, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа терроризммен, экстремизммен, есірткі бизнесімен және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес аясындағы қолға алынған шаралар жөнінде есеп берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ кибер және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органы қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
