Қасым-Жомарт Тоқаев 2060 жылға қарай Қазақстан көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді мақсат етіп отырғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осы ретте Президент СПЕКА мемлекеттерінің басшыларын баламалы энергия көздеріне көшу мәселесінде бірлескен іс-әрекетті жандандыруға және Алматыда Орталық Азия елдерінің климат мәселелері жөніндегі жобалық кеңсесін құру бастамасын қолдауға шақырды.
"Цифрлық технология және жасанды интеллект саласындағы ықпалдастық кең мүмкіндіктерге жол ашады. Жасанды интеллектінің дәйекті дамуы өндірісті, еңбек нарығын және қызмет көрсету саласын трансформациялау үшін бізге аса маңызды міндет жүктеп отыр. Еліміздегі мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы электронды түрде көрсетіледі, ал қолма-қол ақшасыз транзакциялардың үлесі 80 пайыздан асты. Тек өткен жылдың өзінде IT саласындағы экспорт көлемі бес есе артты. Біз бұл көрсеткішті 2026 жылға қарай бір миллиард долларға дейін жеткізуді көздеп отырмыз", – деді Мемлекет басшысы.