Депутаттардың талқылауына «Масс-медиа туралы» және оған ілеспе заң жобаларын бірінші оқылымда қарау ұсынылады. Заң жобасы осы саладағы барлық қатысушылардың мүдделері мен қоғамның сұранысын ескере отырып, БАҚ туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Алдағы жалпы отырыста Мәжіліс білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу заң жобасын да қарайтын болады.
Сонымен қатар депутаттарға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарын санитариялық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау және Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда ұсынылады.
Жалпы отырыста Мәжіліс комитеттері бірқатар заң жобасын жұмысқа алады. Олар: құрылыс саласын жетілдіру және тұрғын үй құрылысында үлестік қатысу мәселелері бойынша, мемлекеттік статистика және деректерді басқару туралы, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау мен оған ілеспе заң жобалары.