Оралда жол апаты азаяр емес. Жыл басынан бері 349 жол-көлік оқи­ғасынан 84 адам мерт болған. Оның жетеуі – бүлдіршін. Ал жарақат аланғандар саны – 426.
Жол апатына қарсы рейд
819
оқылды

Осындай қайғылы жағдайдың ал­дын алу үшін «AMANAT» партиясы жа­­­­нындағы «Жастар Рухы» жастар қа­на­тының мүшелері полициямен бір­ле­сіп, қала мектептеріндегі қауіпсіздікті кү­шейтуге кірісті. Жастар мектеп оқу­шы­ларына арнайы ескерту парақтары мен жарық шағылыстыратын жолақтар мен жапсырмаларды таратты. Сонымен қатар ата-аналар мен көлік жүр­гізу­шілеріне барынша сақ болуды ескертті. Бү­гінде «Құқықтық тәртіп» жедел-про­филактикалық іс-шарасы ел аумағында өт­кізіліп жатыр.

«Облысымыз бойынша 361 мектеп­тің аумағында мониторинг жұмыстарын жүргіздік. Сол жерде біз ашық люктер, ашық трансформаторлар немесе тағы да басқа балалар өмірі үшін қауіпті ау­мақтарды кездестіріп, ашық люктерді жауып, ашық трансформатор мен тоқ со­ғу қаупі бар жерлерді арнайы құзы­рет­ті органдарға хат жазу немесе тап­сыр­ма беру арқылы оқшауландырып, қауіп­сіз ету мақсатында жұмыстар жүр­гі­­­зілді», – дейді «Жастар Рухы» ЖҚ БҚО филиалы­ның төрағасы Архат Ис­лам­ғали.

Қарағандыда да құқық қор­ғау­шы­лар мен аманаттық белсенділер рейд­ке шық­ты. Бірлескен акция барысында бар­­лық түнгі клубтар мен ком­пью­тер­лік ойын алаңдары қамтылды. «Мұн­дай ме­кемелердегі жарқ-жұрқ еткен бей­­не­лер мен көңілді әуендер жасөс­пірім­дерді тартады», – дейді партия мү­шелері. Келу­шілердің құжаттарын тек­серу бір­қалыпты өтті. Кәмелетке тол­мағандар анық­талмаған. Олардың мұн­дай жер­лер­де кешкі сағат 10-нан кейін жалғыз жү­руіне болмайды. Өйт­кені ересектер­дің қарауынсыз қалса, жасөспірімдер қылмыстың құрбаны болу қаупі жоғары.

«Бұл рейдтер бізге жастар ғана емес, түн­гі демалыс орындары мен ойын ка­фе­лерінің қожайындары да әлеуметтік жауап­кершілік таныту керегін көрсетті. Біз Қарағанды облысының Полиция де­партаментімен бірлесе отырып, апта бойы­на рейд өткізуді жоспарлап отыр­мыз», – дейді «Жастар Рухы» ЖҚ Қара­ған­ды облысы филиалының төрағасы Асқар Оразбеков.

Нұрлан ҚОСАЙ