«Қазақмыс» компаниясының Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде қайғылы оқиға болды. Бұл туралы компанияның бас­пасөз қызметі хабарлады.
«Қазақмыс»: екі кенші қаза тапты
530
оқылды

«Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ.Омаров атындағы шахтада проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері ауыр жарақат алып, қайтыс болды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айта­ды», – делінген хабарламада. Қазір арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, 22 қараша күні «Қазақмыс» ком­паниясының Жезқазғандағы №2 өңдеу зауы­тында 1980 жылғы конвейер машинисі қаза тапқан еді. Конвейер механизміне қысылып қалған ол жарақат алған. Оқиға орнына жедел жеткен меди­цина қызметкерлері жарақат алушының қайтыс бол­ғанын мәлімдеді. Бұл оқиғаның да себептері анықталып жатыр.