Астанадағы, Нұра ауданы, Жұбан Молдағалиев көшесінде Yutong маркалы жолаушылар автобусы кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірім жолды бағдаршаммен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы қызыл жарық жанып тұрған кезде кесіп өтпек болған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен жасөспірім ауруханаға жеткізіліп, медициналық мекемеге жатқызылды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр.
