Астанада Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық ансамблі ұйымдастырған «Сарбаз сахнасы» шығармашылық ұжымдары бүкілармиялық фестивалінің Гран-при иегері мен лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
«Сарбаз сахнасында» кім жеңімпаз?
665
оқылды

Байқауға 60-тан астам өтінім түсіп, оның 45-і іріктелді. Қатысушылардың шеберлігі жеке орындау, аспаптық, үрмелі және фольклорлық ансамбльдердің, жеке және топтық би өнері, сондай-ақ фотосуреттер, картиналар, панельдер және халықтық қолөнер жұмыстары бойынша бағаланды.

«Сарбаз сахнасы» бүкілармиялық фестивалінің бас жүлдесін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бар «Алаш» квартеті жеңіп алды. Сыйлықты оларға Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев табыс етті. Қазылар алқасы атақты қолбасшылар Бауыржан Момышұлы мен Иван Панфиловтың портреттерін ұсынған ефрейтор Максим Свиридовтың (18404 әскери бөлімі) жұ­мысын үздік деп таныды. Екінші орында Қарулы күштердің қызметкері Айнұр Асқарқызы (32355 әскери бөлімі). Ол қа­зылар алқасын стильдендірілген ұлттық баскиімдермен және басқа да сәндік-қолданбалы қолөнер заттарымен таң­ғалдырды. Үшінші орын Құрлық әс­керлері әскери институтының курсанты Әміре Телеуовке бұйырды. Ол 2019 жылдан 2022 жылға дейін әскери ин­ститутты басқарған генерал-майор Дулат Адырбековтың портретін майлы бояумен салған.

Іс-шара фестиваль жеңімпаздарының қатысуымен өткен гала-концертпен аяқ­талды.