Қылқалам шебері Айғана Ға­ли­­дың Дубайда жеке көрмесі өтті.
Қазақ қызының сурет көрмесі
1,172
оқылды

Шетелдің белді галереяларына өзінің туындыларын жиі таныс­тыра­тын талантты қазақ аруы әмір­лік тұрғындарына «Тәңір» атты топтамасын ұсынды.

 Абстракциялық жанрда бейнеленген 10 суреттің әрқайсысы – бүтін шы­ғарма. Автор түс пен пішіндерді ойната отырып, ғалам көрінісін, адамзаттың бүгінгі күйі мен әлемнің сырын жет­кізуге тырысқан. Жарықты бейнелей отырып, өзі дүниеге келген қазақ дала­сы мен көшпенділердің өмірлік фи­лософиясын жеткізе білген. Суретшінің шығармашылығы әралуан. Әсіресе, оның матаға салған суреттері жоғары сұранысқа ие болды. Айта кетейік, Ай­ғана Ғали әлемге өзінің «Дала» атты өнер туындыларымен танымал болған еді. 

– Маған нақты көріністер келе бастады. Менің студиямда бұған дейін сызғыш не циркуль болған емес. Шама­мен 5 жылдай бұрын ойыма келген айқын картиналарды қағазға түсіре бердім. Туындыларды бірінен соң бірін сала бер­дім. Сол кезде маған анық философиялық түсінік келді. Бұл «шығармашылық хабарламалардың» қаншалықты маңызды болғандығын  қазір жақсы түсініп отыр­мын, – дейді суретші.

фото: 24.kz