2022 жылғы халық санағының қорытын­дысы бойынша, Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалары бар 476 мың жалғызбасты әке мен ана бар. Соның ішінде 423 959-ы – әйел адам, 52 мыңы – ер адам.
51 мың неке бұзылған
553
оқылды

Ұлттық статистика бюросы әкелер мен аналар­дың барлық санаты ескерілгені айтып отыр. Олар – жесір, ажырасқан, ешқашан үйленбеген санаттағы жандар. Сондай-ақ Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру депар­таментінің былтыр 129 707 жұп некеге отырып, 51 220 жұп ажырасқаны туралы ақпарат таратты.

«Неке (ерлі-зайыптылар) және отбасы туралы» кодекстің 17-бабына сәйкес неке кәмелетке толма­ған балалары жоқ ерлі-зайыптының арасында мүлік­тік дауларды өзара келісімі бойынша реттеген жағ­дай­ларда АХАТ органдарында тікелей бұзылуы мүм­кін. Жүргізілген мониторингке сәйкес, азаматтар өзара келісім бойынша некені бұзу туралы өтініш берген кезде негізгі себебі «мінездерінің сәйкеспеуі» деп көрсеткен», – деп хабарлады ведомство.