Қазақстанның Франциядағы елшілігінде қазақ диаспорасының өкілдері, INALCO институының студенттері мен қазақ тілін үйреніп жатқан «Қорқыт» мәдени орталығының мүшелерінің қатысуымен «Күзгі кездесу» атты поэтикалық кеші өтті.
Париждегі поэтикалық кеш
813
оқылды

«Франциядағы қазақстандық күз» мәдени маусымы аясында өткен іс-шара барысында халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Танакөз Толқын­қызы, Жазушылар одағының мүшелері Жанаргүл Қадырова мен Айзада Рахым­жанованың өлеңдері оқылды.

Поэтикалық кеш аясында Қазақ­станның Франциядағы елшілігінің және Қазақстан Жазушылар одағының қол­дауымен 2020 жылы Францияда түсірілген «Кішкентай ханзада» атты деректі фи­льмінің көрсетілімі өтті. Режиссер Қар­лыға Хасеннің бұл жобасы Оңтүстік Колумбия, Түркия, Таиланд және Дак­ка­дағы халықаралық кинофести­вальдердің үздік фильмдерінің бастапқы тізіміне енді.

Париждегі поэзия кешіне қатысқан қазақстандық ақындар, өнер адамдары мен ақындар туралы «Эйфель – махаббат мұнарасы» атты жаңа деректі фильм түсіруге ниетті. Ақындармен кездесу интерактивті ойындармен және белсенді көрермендерге кітаптар, ұлттық кәде­сыйлар мен тәттілер түріндегі сыйлықтар берумен аяқталды.