Мұз алыбы деп аталатын Уран әрқашанда ғалымдардың қызығушылығын туғызады. Оның бүйірімен айналуы оны Күн жүйесіндегі кез келген басқа сақиналы планетадан өте ерекше етеді. Джеймс Уэбб телескопы түсірген суреттердің тұнықтығы мен анықтығы туралы жазған bgr.com сайтына сілтеме жасай отырып, Aikyn.kz Уранның басқа да белгісіз сипаттарын түсіндіреді.
Фото NASA мен ESA сайттарынан алынды
Уран – Күн жүйесіндегі одан қашықтығы бойынша жетінші болып орналасқан планета. Күн жүйесіне енетін 8 планетаның ішінде диаметрі бойынша үшінші және массасы бойынша төртінші орында тұрады. Уранды 1781 жылы 13 наурызда ағылшын астрономы Уильям Гершель ашқан және грек аспан құдайы Уранның атымен аталған. Уран қазіргі заманда телескоп арқылы ашылған бірінші планета болды.
Уран кейде жай көзге көрінсе де, бұрынғы бақылаушылар оны күңгірт жұлдыз деп қателескен. Дәл қазіргі ғарыш аппараттарымен Жерден Уранға дейін тоқтаусыз 15 жыл ұшу керек, екі планетаны 3,15 млрд шақырым бөліп тұр.
Жақында осы ғажайып планетаның көріністерін NASA және ESA-ның Джеймс Уэбб телескопының инфрақызыл аспаптарды түсіріп, ғалымдарға керемет сыйлық жасаған. Осы фотосуреттерде Уранның сақиналары соншалықты анық көрінеді, өйткені олар әдетте көрінетін толқын ұзындығында көрінбейді. Дегенмен кескіннің ең таңғаларлық ерекшеліктерінің бірі – Уэббке бағытталған ашық ақ полярлық қалпақ пен планета сақиналарының ішінде жайшылықта көріне бермейтін Зета сақинасы да бар. Полярлық қақпақтың оңтүстік шетіне жақын жерде бірнеше жарқын дауылдарды көруге болады, бұл – планетаның өзгермелі табиғатының нақты дәлелі.
Бұл 3 ай бұрын түсірілген 3 млрд шақырымдағы Уранның ғажап көріністері. Фото NASA мен ESA сайттарынан алынды
Осындай қызықты планета болғанына қарамастан, Уран шын мәнінде өте аз зерттелген және көптеген үкімет пен ғарыш агенттіктері Уранға зондтарды жібергісі келеді. Бірақ қазіргі уақытта оған ешқандай миссиялар жіберілмеген. Ондай миссиялар болмаса да планета туралы Уэббтің түсірген Уран бейнесі ғалымдарға планета мен оның сақиналар жүйесі туралы көп мағлұмат береді.
Екінші жағынан, Уэббтің Уранды түсірген суреттері телескоптың қаншалықты қуатты екенін және оны жақын планеталарды зерттеу үшін қалай пайдалануға болатынын көрсетеді, сонымен қатар Күн жүйесінен тыс планеталар туралы көбірек деректер жинауға көмектеседі. Бұл суреттер арқылы ғалымдар мұз алыбы туралы көбірек деректер жинай алады және олар Уранға болашақ миссияларды жоспарлауда өте пайдалы болады.
Уэбб телескопы түсірген ғарыштағы Киль тұмандығы. Фото NASA сайтынан алынды
2022 жылы Aikyn.kz Джеймс Уэбб телескопы түсірген ғарыштың терең түкпірлерінің, оның ішінде Жаратылыс тірегінің суреттерін жариялады. Жаратылыс тіректері Жерден 6 500 жарық жылы қашықтықта орналасқан. Тіректер Бүркіт тұмандығы ретінде белгілі белсенді аймақтың орталығында орналасқан. Әлемдегі ірі телескоптардың көпшілігі дәл осы жерге бұрылған.
Ғалымдар будақтаған газ бен ғарыштық шаңнан жарқ етіп жұлдыздар жасалатын Жаратушы басқаратын термоядролық реакцияны тудыратын физикалық және химиялық процестердің құпиясын әлі де аша алмай келеді. Оны ашуға Жаратушының рұқсаты керек шығар. Төменде Джеймс Уэбб түсірген ғажайып Жаратылыс тіректері:
Жаратушы Күн жүйесін, Жерді дәл осындай ғарыштық шаң, сутегі газының тығыз бұлттарынан жасаған шығар... Фото NACA ғарыш агенттігінің сайтынан алынды