Шопан мал жаюға шығып кетіп, үйіне оралмаған.
Ұлытауда жоғалып кеткен шопан аман-есен табылды
Фото: ТЖД-нен алынды
614
оқылды

Биыл 9 қаңтар күні ТЖД, жергілікті тұрғындар мен полициядан 4 адам 1 техникамен сағат 22:53-тен бастап шопанды іздеді.

Малшы Ұлытау ауданы Сарлық ауылынан 25 шақырым қашықтықта таңертең мал жаюға шығып қайта оралмаған. Бұл туралы Aikyn.kz Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Іздеу нәтижесінде, 10 қаңтар түнгі сағат 01.43-те жоғалып кеткен шопандарды Сарыбұлақ қыстағынан 5 км радиуста табылды. Медициналық көмектің қажеті болған жоқ.

Бұған дейін бүгін  Қазақстанның басым бөлігінде боран соғатынын хабарлаған болатынбыз.