Байлардың да жайлы үйлерін тастап қашатын кездері болады. Лос-Анджелестің ең бай тұрғындары бірнеше миллион доллар тұратын үйлерінен бас тартып, басқа жерлерге көшуде.
5-10 миллион доллар тұратын Лос-Анджелестегі үйлерін тастап, бай америкалықтар  шөлейт аудандарға қашуда. Неге?
Осындай үйін тастап, бай америкалықтар шөлейт аудандарға көшуде. Фото losangeles.zagranitsa.com сайтынан алынды
3,276
оқылды

Бай калифорниялықтар ондаған миллион доллар тұратын жеке үйлерінен бас тартып, басқа штаттарға көшіп жатқаны туралы businessinsider.com сайты жазды. Мақалаға сүйене отырып Aikyn.kz мұндай миграцияның себептерін түсіндіреді.

Осындай үйлерін тастап, бай америкалықтар шөлейт аудандарға көшуде. Фото losangeles.zagranitsa.com сайтынан алынды

Қаржылық әлеуеті жоғары ауқатты адамдарды қызықтыру да, таңғалдыру да қиын. Өздерінің білімі мен еңбегімен тапқан ақшаның әрбір тиынын үнемдейтіндерді түсінуге болады. Олар ұзақ еңбекпен келген әрбір теңгені де, долларды да бағалайды.

Әрине, мұндай адамдардың қатарына 1-2 жылда миллиардер болған адамдар кірмейді. Дәл осындай «кездейсоқ миллиардерлер» әлемнің ең қымбат жерінде тұруға құштар, ең қымбат дүниеге құмар болады. Оңай келген ақша оңай жұмсалады, оңай шашылады.

Ал америкалық бай адамдар өзін де, еңбегін де сыйлайды, қаржыны үнемді жұмсайды. Дәл осындай бай адамдар Лос-Анджелестегі үйлерінен бас тартып, АҚШ-тың арзан аймақтарына көше бастаған. Барлық мәселе жылжымайтын мүлікке салынатын салықтың өсуіне байланысты екен.

Фото hollywoodreporter.com сайтынан алынды

Чартерлік рейстер ұйымдастыратын жеке әуе компаниясының басқарушы серіктесі Гус Лираға Малибуда (Лос-Анджелеске жақын қала, Калифорния штаты) да өмір сүру қатты ұнайды. Оның үйі Тынық мұхит жағалауындағы тасжолдың бойында орналасқан.

Бірақ ол Калифорниядан кетуге шешім қабылдауға мәжбүр болуда. «Мен үшін, мен білетін көптеген адамдар сияқты, басты себеп – салық. Мұны ессіздікті түсіну қиын, Калифорния барлығының өмірін қиындатты», – дейді Лира өзінің көптеген достары мен жақындары бұл штаттан кеткенін айтып.

Лос-Анджелестің сән-салтанат нарығы жоғары пайыздық мөлшерлемелері мен Голливудтағы ереуілдердің салдарынан, штаттағы сақтандыру шығындарының өсуімен байланысты тоқтап қалған. Соңғы шешімді қабылдауға құны 5 миллион доллардан асатын үйлерді сатушыларға 4%, ал 10 миллион доллардан асатын үйлерді сатушыларға 5,5% болатын «жеке үй салығы» түрткі болған.

Фото losangeles.zagranitsa.com сайтынан алынды

Жақында Лира бірнеше күн ішінде мұхит жағасынан шөлде орналасқан Невадаға барып Лас-Вегасқа жақын маңнан бассейні бар төрт бөлмелі үйді 1,9 миллион долларға сатып алды.

Ол Тынық мұхитының жағалауындағы Малибу ауданында осындай үй 8 миллион доллар тұратынын айтады. Лираның әлі Малибуда үйі сатылмаған, ол жылына шамамен бес айды сонда өткізуді жоспарлап отыр. «Бірақ мен енді Калифорния тұрғыны емеспін. Мен енді ондай шығынды көтере алмаймын. Егер сіз $100 тапсаңыз, оның $60 салыққа төлесеңіз, сіз табысты бола алмайсыз», – дейді ол.

Бұл сөздердің дәлелін мына видеодан таба аласыз: Соңғы жылдары Лос-Анджелес үй іздеу деректеріне сәйкес тұрғындардың ең көп кеткісі келетін АҚШ аймақтарының тізімінде көш бастады. Алтын штаттың тұрғындары Лас-Вегас пен Сиэтлге көше бастаған.

Санақ мәліметтеріне сәйкес, Калифорния штаты 2021-2023 жылдар аралығында 350 000 адамға азайған. Төменгі салықтар мен жайлы орындар іздеген калифорниялықтар Флоридаға, Техасқа және Теннессиге көшіп кеткен. Көшіп-қону үрдісі бай америкалықтарды да қамтыған. Жылына 200 000 доллардан астам табыс табатындар да Нью-Йорк пен Лос-Анджелес сияқты қымбат қалалардан көшіп жатыр.

Сан-Диегодағы жылжымайтын мүлік агенттері Лос-Анджелестен келген клиенттер өз үйлерін Сан-Диего қаласының маңындағы «қолайлылыққа толы», жері де үлкен үйлерге айырбастап жатқандарын айтады.

Фото losangeles.zagranitsa.com сайтынан алынды

Бай үй иелері үй салығының өскенін енді ғана сезіне бастаған. Сондықтан көші-қон процесі алдағы жылдары белсенді жүруі мүмкін.

Үйге салынатын салық өскеннен Лос-Анджелесте бағасы 5 миллион доллардан асатын үш үй ғана сатылған.

2023 жылдың наурыз айында ғана салық күшіне енгенге дейін дәл осындай баға диапазонында 130-ға жуық үй сатылған екен. Бұл нарықтың қозғалыссыз тұрып қалғанын көрсетеді.

Осындай үйлерін тастап, бай америкалықтар шөлейт аудандарға көшуде. Фото YouTube арнасындағы @OnlineDesignSchool каналынан алынды

Лос-Анджелестегі жылжымайтын мүлік агенті Джейд Миллс Business Insider-ге оның 20 миллион долларлық үйін сатқысы келетін бір клиенті бар екенін айтқан. Олар 5% салық төлеу керек екенін түсінген кезде бұл процестен бас тартқан. Өйткені ешкім үйін сатып, 1 миллион доллар салық төлегісі келмейді.

Мұндай жағдайда Калифорнияның ең бай тұрғындары Лос-Анджелестегі үйлерін сақтап, оларды жалға беруді шешкен. Бір бай америкалық жеті жатын бөлмелі, 12 ванна бөлмесі бар үйін айына 150 000 долларға жалға бермекші. Кездейсоқ байлыққа мастанған адамдар бұл үйлерді де арзан мақтан үшін жалға алулары мүмкін ғой.