Көкшетауда Астанада өртке оранған тұрғын үйдің ортасынан адамдарды құтқару кезінде ерлікпен қаза тапқан ақмолалық батыр – Асқар Забикулинге ескерткіш ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Көкшетауда Асқар Забикулинге ескерткіш ашылды
397
оқылды

Жерлес азамат 2022 жылғы 16 қарашада елордада тұрғын үй кешенінде болған өрттен адамдарды құтқарып жүріп ауыр жарақаттан өзі қапыда қаза болған еді. Денесінің біраз бөлігі мен бет-жүзі күйген батыр жігіттің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер бірнеше күн бойы арпалысқан. Алайда, батырды аман алып қалу мүмкін болмады. 

Еске сала кетсек, Асқар Забикулиннің ескерткіші осыған дейін Астанада мамандандырылған №6 өрт сөндіру бөлімінде орнатылып, ол батырдың есімімен аталған. 

Ескерткіш Көкшетауда Әуезов көшесінің бойында саябаққа таяу орналасқан. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы