Сонымен қатар қала көшелерінде кептеліс пайда болды.
Алматыда жер сілкінісінен кейін такси құны екі есе қымбаттады
inbusiness.kz
1,516
оқылды

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жер сілкінісінен биік тұрғын үй кешенінде тұратын адамдар қала сыртына ағылған, - деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Бұл ахуал өз кезегінде қала көшелерінде көлік кептелісіне әкелді.

Бейнероликті жолдаған оқырманның сөзінше, үлкен кептеліс Алма сити, Шұғыла тұрғын үй кешендері маңындағы көшелерде болған.

Сондай-ақ жер сілкініснен қаладағы такси құны екі есе шарықтаған.

Еске салайық, жер сілкінісінің қуаты – шамамен 4 балл.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан сезілген еді.