Алматыда болған жер сілкінісі кезінде 8 адам зардап шекті, бір тұрғының жағдайы ауыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, түнгі сағат 03:00-тегі жағдай бойынша 8 адам зардап шеккен. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді.
«Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген. Медициналық тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емделуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр», - деп хабарлады басқармадан.
Одан бөлек үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар да амбулаториялық емдеуге жіберілетін болады.