Балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді.
Алматыдағы мектептер мен колледждерде 1-ауысымдағы сабақтар болмайды
Фото: freepik.com
1,412
оқылды

Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде бүгін 1-ауысымдағы сабақтар болмайды, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Алматы қалалық Білім  басқармасы хабарлады.

«Қала мектептері мен колледждерінде түні бойы халықты қабылдау пункттері жұмыс істеуіне байланысты, 23 қаңтар күні Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде 1-ауысымдағы сабақтар болмайды. Балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді, балаларды әкелу - ата-аналардың қалауы бойынша»,- деп хабарлады Алматы қалалық Білім басқармасынан.