ТЖД мәліметінше, жер сілкінісінің негізгі ошағы Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған.
Бұл – көрші мемлекеттің аумағында болған жер сілкінісі – ТЖД
865
оқылды

Алматы қалалық ТЖД өңірде болған жер сілкінісіне байланысты брифинг өткізді,  деп хабарлайды Aikyn.kz

23 қаңтар түнгі сағат 00.09-да эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қырғыз және Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді.

Бұл    көрші мемлекетте болған жер сілкінісі  Қытай мен Қырғызстан шекарасында болды. Елге жету себебі, біріншіден, жер сілкінісінің тереңдігі 5 шақырым болды. Сонымен қатар күші 7 балға жеткендіктен, барлық Орта Азия мемлекеттерінде және Қазақстанда сезіліп отыр.

Алматы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатқандықтан, мұндай жер сілкіністері болып отырады және Алматы қаласына айтарлықтай қауіп әкеледі деп айтуға болмайды. Мұндай әлсіз жер сілкіністері Алматы қаласында болып тұрады,  деді ТЖД қызметкері.

Төтенше жағдайлар министрі Үкімет отырысында Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайтынын айтты.

Сейсмикалық болжау комиссиясының өткізілген отырысына сәйкес, Алматы қаласының аумағында қатты және жойқын жер сілкінісі болмайды. Осыған байланысты өңір тұрғындарынан дүрбелеңге түспеуін және тек ресми дереккөзге сенуін сұраймын,  деді Серік Шәріпханов.