Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Алматыдағы жер сілкінісі кезінде халықты құлақтандыру жүйесі дер кезінде іске қосылмағанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Көргеніміздей, ТЖМ-нен бастап әкімдіктерге дейін мемлекеттік органдардың бүкіл қызметтері болған оқиғаға әрекет ете білді. Бақытқа орай, қаза тапқандар мен салмақты шығын жоқ. Бірақ зардап шеккендер бар», – деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ ол шұғыл жағдайда халықты құлақтандыру қызметі әлсіз болғанын сынады.
«Адамдар уақытылы ақпараттандыру мен айқын әрекет болмағандықтан, байбаламға бой алдырды. Олар 2, 3-қабаттан секіріп, ойсыз әрекеттерге барды. Бұл құлақтандыру жүйесі дер кезінде іске қосылмағанын, халыққа барынша ерте хабарландырулар таратып, хабарландыру керек болғанын көрсетеді», – деді Әлихан Смайылов.