Жол апатына жолдардың дұрыс тазаланбауы себеп болған.
СҚО-да жантүршігерлік жол апаты салдарынан 2 адам көз жұмды
Фото: СҚО ПД
521
оқылды

СҚО Новоникольское елді мекенінің маңында екі жеңіл көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Куәгерлердің сөзінше, көлік апатына жолдардың дұрыс тазаланбауы себеп болған. Мұз ойықтардың кесірінен көлікті ұшырып жіберген.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 23 қаңтар күні шамамен сағат 16.00-де Қызылжар ауданының "Жезқазған-Петропавл" республикалық маңызы бар автожолында болған. "Peugeot" және "Toyota Camry" автокөліктері соқтығысып қалған.

Салдарынан жеңіл көліктердің 2 жолаушысы оқиға орнында алған дене жарақаттарынан қайтыс болды. 4 адам медициналық мекемелерге жеткізілді.

Аталған факт "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Автокөліктер мамандандырылған тұраққа қойылды.