Елдің басым бөлігінде екпінді жел соғып, тұман түседі.
12 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: inbusiness.kz
4,272
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанның 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ресми ақпаратқа сәйкес, 24 қаңтар күні Шымкентте тұман түседі.

Абай облысының оңтүстігінде, орталығында – жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстігінде, орталық бөлігінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, орталық бөлігінде жаяу бұрқасын жүреді. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болжанып отыр. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, Алакөл көлі ауданында екпіні 15-20, кей кездері 23-28 м/с болады.

Қызылорда облысының оңтүстік, солтүстік, орталық бөлігінде көктайғақ болып, тұман түседі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында күндіз көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі.

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел бағыты шығысқа ауысып, тау асуларында жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанып отыр. Облыстың орталығында тұман түседі.