Гүлжан Сарсекова – шәкірттерінің білімді, парасатты, жаңашыл, білікті болып шығуын мақсат тұтып, ғұмырын ұстаздыққа арнаған ұлағатты ұстаз!
Ұлағатты ұстаз
1,864
оқылды

Алаштың тұңғыш білім ордасы – Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда ұстаздық ұстанымын биік қойған аяулы ұстаздардың бірі. 

Мерейлі 60 жасын көркем мінез, жайдары жанымен, педагогке тән кәсіби ізденушілік, кәсіби ше­­­бер­­­лікпен, шәкірттеріне, әріптестеріне деген мейірімділікпен қарсы алып отырған Гүлжан Құсманқызы әр ұстазға өнеге! 

Ол бұрынғы Семей облысы, Ма­қаншы ауданы, Восток ауылында дү­ниеге келіп, үлкен отбасында әке-шеше қамқорлығы мен өнегесін кө­­ріп өседі. «Арман қуып, болашақ кә­сі­­­­бін таңдауда да жол көрсеткен әке-шешем» – дейді өз сөзінде. 

Ол Восток ауылындағы сегіз­­­­жыл­дық мектепті 1979 жылы аяқта­­­­ғаннан кейін Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық училище­­­­­сіне түсіп, осы училищені «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш клас­тарында оқыту» мамандығы бо­йынша 1983 жылы аяқтап, арманда­­ған мамандығының иесі атанады. Кейіннен Семей мемлекеттік педаго­­­гикалық институтының «Педагогика және бастауыш мектептегі оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша жо­ғары білім алады.

Жас маман еңбек жолын өз ауы­­­­лында бастауыш сынып мұғалімі бо­лып бастап, ширек ғасыр ауыл мекте­­­бінде педагогикалық қызметін адал атқарып, көптеген жетістікке жетеді. Талай шәкірттерінің армандарына қанат бітіріп, білім дәнін сеуіп, өмір­­­ден өз орындарын табуға ықпал етеді. Шәкірттерін білім мен тәрбие алуда­­­ғы қажырлыққа, ізгілік пен адамгер­­­­шілікке баулиды, табандылық пен еңбек етіп, биік мақсаттарға қол жет­кізуді үйреткен ұлағатты ұстазға дейін өседі.

Гүлжан Құсманқызы Алаштың тұңғыш білім ордасына 2014 жылы қызметке келіп, бүгінге дейін оқыту­­­­шылық, әдіскерлік қызметтердің ал­ғы шебінен көрініп жүрген, кәсіби білімі мен шеберлігін ұштастыра білген шебер-педагог. Кәсіптік білім беру саласында тәжірибелі педагог­­­­тердің шеберлігі аса қуатты күш-құ­­рал екені белгілі. Бар саналы ғұмы­­­­рын ұстаздық жолға арнаған, көптің құрметіне бөленген, өз ісінің білікті маманы Қазақстан Республикасының білім беру саласына өз үлесін 40 жыл­­­дан астам уақыт аянбай, талмай қо­сып келеді. 

Табиғатынан еңбекқор Гүлжан Құсманқызы – кәсіби міндеттерді ат­­­қарудағы жігері мен төзімділігі ерек­ше жан. Студенттерге жетекшілік қызметімен қатар ол ғылыми-зерт­теу­­­шілік жұмыстарды ұтымды ұйым­­дас­тырып, оқу-әдістемелік кешендер әзір­­­леді. Авторлық шығармашылық жұмыстарының бірегейі – «Кәсіп­­қор» Холдингі» КеАҚ тапсырысы бо­­­­­­йын­­­ша 2019 жылы «Педагогикалық этика негіздері» оқу құралын әзірледі. 2021 жылы республикалық деңгейде бірнеше рет «Ұлттық тестілеу орта­­­­лы­ғы» РМҚК-да Ұлттық бірыңғай тестілеу пәндері бойынша «Тәрбие қызметінің теориясы мен практи­­­­касы» пәнінен тест тапсырмаларын әзірлеу жұмысына қатысса, «Педаго­­гикалық идеялар фестивалі» респуб­ли­­калық байқауының облыстық кезеңінде байқау жұмыстарын баға­лап, республикалық кезеңге қатысу­шыларды іріктеуде қазылар алқасы құрамында (2023ж.), Абай облысы педагогтерінің авторлық бағдарла­­малары материалдарын сараптау кеңесінің құрамында (2022 ж.), тех­ни­­калық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне санатта­рын беру бойынша аттестаттау ко­миссиясының және сараптамалық кеңес құрамында (2023 ж.) болып сарапшылық қызметтерді атқаруда жоғары кәсіби құзіреттілігін та­нытты.

Гүлжан Құсманқызы колледжде педагогика пәнінен білім берумен қатар, болашақ мамандардың іс-тәжі­­рибеде шыңдалуына өз үлесін қосып, жетекшілік етіп келеді. Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз бе­рілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзін ұстанған оқытушы–әдіс­кер тәрбие мен білім беруді таразы­­ның басындай тең ұстайды. 

Адами қарым-қатынаста адал­дықты, мейірім мен сыйластықты алға қою да Гүлжан Құсманқызына тән қасиеттер. Игілікті еңбек қандай адамға болсын зор мәртебе әкелері анық. Халықаралық, республикалық, облыстық марапаттар мен награда­лардың иегері педагогикалық еңбек жолында еңбегі еленіп, 2023 жылы Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. 

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, – деп айтылған өлең жолдары Гүлжан Құсманқызына арналғандай. 

Көркем мінезі мен кәсіби құзірет­­тілігін ұштастыра білген, ұста­нымы биік ұстаз! Бәсекеге қабілетті, кәсіби құзіретті, шығармашыл, жаңашыл, коммуникативті мамандарды даяр­лау­дағы ерен еңбегіңіз еленіп, жемі­сін көре беріңіз. Осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қайра­тыңыз қашан да арта бергей!

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбегіңізге табыс, шы­ғар­­­­­машылық жетістіктер, саламатты денсаулық, отбасыңызбен амандықта болуыңызды тілейміз, ардақты ұстаз, аяулы жар, бақытты ана, асыл әже! 

Шығар шыңдарыңыз әрқашан да биік болғай, еңбегінен бақыт тапқан ме­рейлі ұстаз!

З.АЛКАНОВА,

М.Әуезов атындағы Педагогикалық колледж директорының

 ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары