«Қазгидромет» синоптиктері 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, бүгін елдің басым бөлігі оңтүстік циклон ойпатының және атмосфералық ағындардың ықпалында болады. Осыған байланысты күн құбылмалы болады.
Оңтүстік өңірде жауын жауып, тау және таулы аудандарда нөсерлетеді, қар аралас жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, боран болады, елдің оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болды.