ҰҰК 20 және 24 қаңтарда прокуратура және полиция жәрдемімен Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесу үшін операция өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жедел қызметкерлер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстап, қамауға алды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі және 258-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазір осы істердің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу шаралары жүріп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.