Мамандарының айтуынша, жарылған құбырлардың 75 пайызы әбден тозған.
Петропавлда құбыр жарылып, қала тұрғындары жылусыз қалды
283
оқылды

Петропавл қаласында екі бірдей құбыр жарылып, 28 көпқабатты баспана, 6 жер үй, балабақша мен 7 жекеменшік мекеме жылусыз қалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz  Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Жақын маңда орналасқан үйлердің жертөлесі суға толды. Ал екінші апат Сәбит Мұқанов көшесінде орналасқан супермаркет маңында тіркелді. Нысанның жертөлесі мен бірінші қабатын су басты. Іштегі адамдар бірден эвакуацияланды.

Қалаға жылу тарататын жауапты мекеме мамандарының айтуынша, жарылған құбырлардың 75 пайызы әбден тозған.

«Киім-кешек сатамыз. Тауарлардың барлығы бүлінді. Қазір ішке кіруге рұқсат жоқ. Тым болмаса су болған заттарды үйге апарып, кептіру керек», - дейді кәсіпкер Лиана Долганова.