Алматы облысының аумағында жергілікті атқарушы органдар бірлесе отырып, жер сілкінісі салдарынан жарықтар пайда болған нысандарда комиссиялық тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2024 жылғы 24 қаңтарда Алматы облысының аумағында тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен әлеуметтік маңызы бар объектілерді қосымша көзбен шолып тексеру нәтижелері бойынша 44 объектіде жарықтар табылды», – делінген хабарламада.
Атап айтқанда:
- Ұйғыр ауданы бойынша – 11 объект (денсаулық сақтау объектісі – 1, білім беру объектілері – 8, әлеуметтік нысандар. кульбыта МҮ-2)
- Еңбекшіқазақ ауданы бойынша –14 нысан (білім беру объектілері – 7, денсаулық сақтау объектілері –1, әлеуметтік нысандар. кульбыта МҮ-6)
- Талғар ауданы бойынша – 3 объект (білім беру объектілері – 3)
- Кеген ауданы бойынша – 4 объект (денсаулық сақтау объектісі – 4)
- Жамбыл ауданы бойынша – 2 объект (білім беру объектілері – 2)
- Райымбек ауданы бойынша – 3 нысан (білім беру объектілері – 2, әлеуметтік нысандар. кульбыта МҮ-1)
- Іле ауданы бойынша – 3 объект (Денсаулық сақтау объектілері – 3)
- Қарасай ауданы бойынша – 4 объект (білім беру объектілері – 4).