Бүгін ауа райы қандай болады?
Тұман түсіп, жел күшейеді: 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
2,034
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін Қазақстанның басым бөлігі оңтүстік циклон ойпатының және атмосфералық ағындардың ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы құбылып тұрады.

Кей жерлерде жауын-шашын болады, тау және таулы аудандарда жауын, қара аралас жаңбыр жауады.

Еліміздің солтүстігінде қалың қар жауады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасындатады.