Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, екі адам әлеуметтік желі мен мессенджер чатында табиғи апаттың салдары туралы көрінеу жалған хабарлама таратқан.
Жалған хабардан азаматтар арасында дүрбелең туды. Осы фактіге қатысты қазіргі уақытта 1995 және 2006 жылы туған екі әйелдің жеке басы анықталды.
Аталған тұлғалар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі (онлайн-платформаларды пайдаланушылардың қоғамдық тәртіптің, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуына жағдай жасайтын жалған ақпаратты орналастыруы, таратуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса) бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолданумен әкімшілік жауапқа тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.