Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалы­ғы­мен палата жанындағы Жер­гі­лікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөнін­дегі кеңес­тің отырысы өтті.
Мәслихатпен жүздесу
487
оқылды

Іс-ша­раға се­наторлар, мем­лекеттік ор­ган­дардың бас­шы­­лығы және онлайн-фор­матта еліміз­дің барлық өңі­рін­­дегі мәслихат депутат­тары қатысты.

Өз сөзінде Сенат Төрағасы Кеңестің бұған дейінгі отырысында белгіленген міндеттер бойынша атқарылған істер жөнінде айтты және алдағы бірлескен жұмысты тиімді жүзеге асырудың нақты тетіктеріне тоқталды. Атап айтқанда, заң шығару қызметімен бірге өңірлердегі проблемаларды бірлесіп шешу, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, заңдардың аймақтарда орындалу барысын бақылау, сондай-ақ, мәслихаттарға методикалық және материалдық-техникалық қолдау көрсету бағыт­тары бойынша Сенат пен жергілікті өкілді органдар арасындағы өзара іс-қимылды нәтижелі жүзеге асыру мәселелері сөз болды.

Мәулен Әшімбаев бұл істе Мемлекет басшысы Жолдауда белгілеп берген экономикалық сая­саттың жаңа үлгісіне көшу мә­селесіне қатысты міндеттердің маңызды екеніне назар аударды.

Сонымен қатар палата Спикері биыл елімізде мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толатынын атап өтті.

Іс-шара барысында Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Төлеубек Мұқашев, өңірлердің мәслихат депутаттары Владимир Бубенко, Ерлан Канали­мов, Гүлқасима Сүйінтаева, Нау­рыз­бай Байқадамов және тағы басқалары сөз сөйлеп, өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныс-пікірлерін білдірді.