Депутаттардың талқылауына трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылады.
Заң жобасы еліміздің трансферттік баға белгілеу саласындағы заңнаманы жетілдіру әрі капиталдың елден шығарылуын бақылау шараларын күшейту мақсатымен әзірленді.
Сонымен қатар алдағы жалпы отырыста Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама және 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі хаттама ратификацияланады деп жоспарланып отыр.
Мәжіліс комитеттері бірқатар заң жобасын жұмысқа алады. Олар: күзет қызметі, сатып алу және заңнамалық актілерді нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуі тұрғысынан ревизиялау мәселелері бойынша, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске қатысты заң жобалары.