Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 81 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ол медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіттің үйінің ауласына кіріп, оны тұншықтырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткеніне арызданған.
28 қаңтар күні жедел-іздестіру нәтижесінде 1978 және 1989 жылғы екі Алматы тұрғыны ұсталды. Олар кінәсін мойындаған.
Полицейлер істің мән-жайын анықтау үшін сараптама тағайындады. Тергеу басталды.