Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пала­та бюросының отырысын өткізді. Онда де­пу­таттар 1 ақпан күні өтетін Сенат оты­рысының күн тәртібін бекітті.
Сенат отырысы
927
оқылды

Алдағы бейсенбіде сенаторлар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақ­тың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарт­тарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағ­дай­лар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу ту­ра­лы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Аталған заңның нормаларына сәйкес Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пункттерін жайластыруды және материалдық-техникалық жа­ра­қтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі міндет­темелерін орындау мерзімін 108 айға дейін ұзарту ұсынылады.

Сонымен қатар палата отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралады. Бұл құжат осы салалар­дағы заңнаманы жетілдіруді көздейді.

Мәселен, заңда мектеп, балабақша және ауру­хана құрылыстары есепке алынбаған жағдайда көп­қабатты тұрғын үйлердің құрылысын шектеу нормасы қарастырылған.

Сондай-ақ бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.