Жиында Махамбет ауданы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасы «Жол картасының» орындалу барысы туралы аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев баяндама жасады.
Қайрат Есқабылұлы ауданда өткір тұрған жұмыссыздық мәселесі, кәсіпкерлік нысандарын ашу, егін және мал шаруашылығы салаларын өркендету мәселерін атап өтті. Ауданда баспанаға мұқтаждар саны көбейген. Бүгінде 1 400 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Сондықтан тұрғын үй құрылысын салуға облыстық, республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлу қажеттігі айтылды.
Атырау облыстық мәслихатының депутаты Саламат Идрисов туризм саласы бойынша барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Сарайшықты облыстың бренді ретінде дамытуды, осы тарихи өлкеге байланысты сурет, қолданбалы өнер туындыларын, монеталар шығаруды ұсынды.
Отырыста фракция мүшелері тарапынан тағы да басқа ұсыныстар айтылды. Енді олардың орындалуы бақылауға алынатын болады.
Бердібек ҚАБАЙ