Қазақстан көмірін алыстағы мемлекет­терге экспорттау көлемі артты. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Көмір экспорты артты
455
оқылды

«Өндірілген көмірдің жалпы көлеміндегі экс­порт­тың үлесі тарихи түрде 26-28 пайыз шегінде. Кейінгі бес жылдағы көмір экспортын талдай келе, экспорттық әлеуеттің прогрессивті сипатта екені көрініп тұр.  Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша алыс шетелдерге тас көмір мен лигнит экспорты 6,5 есеге (1,3 млн тоннадан 8,5 млн тоннаға дейін) ұлғайды. Ең алдымен, бұл жағдай Еуропа одағының Ресей Федерациясына қатысты қабылдаған санкциялық шараларына, олардың қазақстандық көмірге деген сұранысының артуына және оның құнының өсуіне байланысты», – делінген министрліктің хабарламасында.

Атап айтқанда, алдағы кезеңде көмірді алыстағы мемлекеттерге өткізу көлемі тағы да артуы мүмкін.

«Осылайша, біздің жер қойнауын пайдалану­шылар­дың экспорттық әлеуеті негізінен көмірге сұраныстың артуына байланысты алыс шетелдерге бағытталады», – деп жазылған ведомство ақпаратын­да.